Қазақша  Русский  
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА
Государственное учреждение
State symbols of the RK
eye 
/


20-05-2022

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

Бүгін Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорт чемпиондарын марапаттау шарасы өтті.

Салтанатты шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық мәслихат депутаты және ардагер ұстаздар  қатысып, үздіктер мен білім мекемелерінің басшыларын, пән мұғалімдерін құттықтап, медальдары мен дипломдарын табыс етті.

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің интеллектуалды тірегі мен ұстаздар мақтанышы. Еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да қабілетті ұландардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс білдірілді.


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru