Қазақша  Русский  
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА
Государственное учреждение
State symbols of the RK
eye 
/ /

Ауданымызда 57 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасады. Оның ішінде 2-уі мектеп-гимназия, 55 жалпы білім беретін мектептер. Сонымен бірге 3 жекеменшік мектеп жұмыс жасады. 57 білім беру ұйымдарында 28098 оқушы білім алды. Сонымен бірге 2483 бала мектепалды дайындық сыныбында тәрбиеленді. Сонымен қатар 2-мектептен тыс мекемелер «Оқу өндірістік комбинаты» және «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жұмыс атқарды. Яғни, қосымша біліммен 2730 бала (9,7 %) қамтылды.

Мақтаарал ауданының білім бөлімі біршама төмендегі жұмыстарды атқарды.

Қазіргі қоғам – білім беру мазмұнына, оқушы тұлғасы мен педагог қызметіне деген көзқарастар өзгерген кезең. Жылдам өзгерістер мен үдемелі ақпараттар ағынында шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауды қажет ететін уақыт.

Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін бір күн немесе бір жылда көрінбейтін ғаламат құндылық.

2024-2025 оқу жылының басты міндеті - әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау.

2023-2024 оқу жылында жалпы 43 мектепте мүмкіндігі шектеулі 190 бала үйде оқытылды, 15 мектепте 22 оқушы инклюзивті оқытумен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге 11 мектепте 33 арнайы сыныпта – 257 ерекше білім беруді қажет ететін балалар білім алды.

Ауданда 2024-2025 оқу жылында 60 жалпы білім беретін ұйымдарында (57 -мемлекеттік, 3-жекеменшік) 28257 оқушы оқиды.           

Биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 2800 оқушы қабылданды.                                                                    

Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru