Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ<br>
БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІ

мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

Жалпы мәлімет

Бүгінгі таңда Мақтарал ауданында білім бөліміне қарасты 125 мектеп жұмыс істейді, оның 122-і жалпы орта, 3-уі негізгі орта мектептер. Осы білім ошақтарында 1-11 сыныптарда 69818 оқушы, мектепалды дайындық топтарында 6995 бала тәрбиеленуде.

Саз мектептері, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 2146 оқушы қосымша білім алады.

 

Педагог қызметкерлер

Ауданда 9387 педагог оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде, 8899 мұғалім (94, 8%) жоғары білімді болса, 533 мұғалімнің (5, 2 %) орта арнаулы білімі бар. Педагогтардың 1182-cі (12, 6 %) жоғары санатқа, 2711-і (28, 9 %) бірінші санатқа, 3318-і (35, 3%) екінші санақта ие болса, санатсыз мұғалімдердің саны - 2176 (23, 2 %).

 

Балабақшалар

Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйым саны-279. Оның 242-сі балабақша, 37-сі шағын орталық. Барлығында 23424 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 3-6 жас бойынша балаларды қамту 89, 8% құрап отыр (1-6 жас бойынша балаларды қамту 68, 2%).

Мемлекеттік 34 балабақшаның 22 типтік үлгідегі, 12 ыңғайластырылған үлгідегі ғимараттарда жайғасқан. 9 балабақша қатты отынмен (көмір), 25 балабақша табиғи газбен жылытылады. Ал жекеменшік 208 балабақшаның 84-і табиғи газбен, 119-ы қатты отынмен, 3-і электр қуатымен, 2-і сұйық отынмен жылытылады.