Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ<br>
БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІ

мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Навигация / Жобалар мен байқаулар

«Сабақ тиімділігін арттыру, оқушы мен мұғалімнің жетістігін ынталандыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері арасында семинар өткізілді.

    Жаңартылған білім беру мазмұны аясында №14 «Жас алаш»жалпы орта мектебінде аудан көлемінде «Сабақ тиімділігін арттыру, оқушы мен мұғалімнің жетістігін ынталандыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері арасында семинар өткізілді. Инновациялық технологияларды енгізу, идеяларды жобалау және әлеуметтік деңгейде бағалау мақсатында өтілген семинардың ауданымыздағы бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімділігі мол болды.
   Семинарды аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Қалдықыз Дүйсенова ашып беріп,барлық ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
Жоспарланған бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Р.Аулбекова, Х.Джамединова, А.Привалиева, Г.Усербаева, А.Тоқсанбаева сынды жаңашыл идеялы ұстаздар өз сабақтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Заман талабына сай білім беру үдерісінде өз біліктілігін тәжірибе барысында тиімді қолдана отырып,оқушылардың жүрегінен орын таба алуы, бұл әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті әрдайым ізденіс үстінде, өзіндік озық идеясы бар ұстаздың жұмысы бүгінгі күнгі өткізілген семинардың дәлелі десе де болады.
   Семинар қорытындысында, «Білім бастауы-бастауыштан» демекші сабақтарға қатысқан ұстаздар өздеріне тиімді жаңа әдіс-тәсілдердің қажеттісін алып, өз тәжірибелерінде қолданатындығы айтылды.

.

"RoboFestTurkestan 2019"

    2019 жылы 4 сәуірде Түркістан облысының білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "RoboFestTurkestan 2019" облыстық байқауында Мақтаарал ауданының "Maqtaral Robotics" командасы жүлделі 1 орынды иеленді.

«Жылдың үздік әлеуметтік педагогы»

2019 жылы 17 сәуірде Мақтаарал аудандық білім бөлімінде білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған «Жылдың үздік әлеуметтік педагогы» тақырыбында аудандық байқау болып өтті.
Байқау әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әлеуметтік педагогтердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, қолдау, кәсіби шығармашылығын ынталандыру, әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау барысында әрбір қатысушы өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғады.

«Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтілген аймақтық семинар

2019 жылғы 18 сәуірдегі Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебінде Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "2019 - Жастар жылы" деп бекітіліп, жастарға жұдырықтай жұмылып, елдің қазіргі қарқынын қарыштату үшін дамудың бастауы-білімде екендігін ұғындыру мақсатында "Ел ертеңі - білімді жастар" атты тақырыбында форум өткізілді Форумнан күтілетін нәтижелер Жастарды бірлік пен татулыққа, өзара ынтымақтастыққа дағдыландыру; Тәжірбие алмасу Жастардың өзара қарым - қатынастарын орнату

.

«Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтілген аймақтық семинар

      Қазақстанда қазір жастардың білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриод, жан-жақты дамыған, сауатты саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Мақтаарал ауданының білім беру ұйымдарында жеке тұлғаны әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы үшін атқарылып жатқан жұмыстар ұшан теңіз. Соның бір парасы 2019 жылдың 19- сәуір күні «Болашақ» жалпы орта мектебінде өткізілген «Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтілген аймақтық семинар. Семинардың мақсаты: аймақ көлемінде білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтардың құзіреттілігін арттырып, әдістемесін жетілдіру. Өз мақсатында жеткен аймақтық семинарда облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Р.Тойшыбеков «Тұлғаны әлеуметтендіру жұмыстарын құжаттандырудың бірізділігін қамтамасыз ету» тақырыбында презентациясымен таныстырса, №31 «Береке» ЖОМ А.Алешова «Әлеуметтік педагог қызметінің жаңа бағыттары мен идеялары» және №35 «Болашақ» ЖОМ А.Балғабаева «Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы құнды баяндамалар оқыды. «Үлгілі» ЖОМ Д.Итбанова «Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарының құрылуы» тақырыбындағы шеберлік сыныбынан жас мамандар алдағы оқу жылдарында жылдық жоспарды жоспарлаудың құрылымымен танысты. Сондай –ақ аймақтық семинар барысындағы тренингтар мен кері байланыстардың ұстаз қауымы үшін берері мол болғаны сөзсіз.

 

Copyright © 2019, Мақтаарал ауданының білім бөлімі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru