Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ<br>
БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІ

мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Навигация / Біліктілікті арттыру

Жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары 2018-2019 оқу жылы

Жаңартылған білім – заман талабы

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел де талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан  Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Елбасының осындай сарабдал саясатын іске асыруда Мақтаарал ауданының білім саласы да белсенділік танытуда. Ауданда 3997 мұғалім бар болса, соның 70 %-ы жаңартылған білім бойынша өз білімдері мен біліктерін көтеру курстарынан өтіп қойды.

Ауданымыздағы 397 мұғалімнің санаттары:

Жоғары санаттылары – 419;

І санаттылары – 1125;

ІІ санаттылары – 1382;

Санатсыздары – 1071.

2016-2017 оқу жылында мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып бүлдіршіндері жаңартылған білім аясында қабылданды.

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім бойынша оқу бағдарламасына көшті.

2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8-сыныптар қамтылды. Алдағы оқу жылында 4, 9, 10-сыныптар да жаңартылған білім бағдарламасына көшеді. Бұл бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, білімдерін жетілдіруге  үлкен әсерін тигізуде.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

 

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

 

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Copyright © 2019, Мақтаарал ауданының білім бөлімі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru