Қазақша  Русский  
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ<br>
БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІ

мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
Мақтарал аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Рухани жаңғыру отбасынан басталады» атты ұрпақ тәрбиесіне ұлағат болатын аудандық ата-аналар форумы болып өтті. 
Алқалы жиынның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерді ортаға салу және оңтайлы шешу жолдарын іздестіру, тәжірибеге енгізу болып табылады.
Ата-аналар форумына облыстық әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің басшысы З.Алтаева, Мақтарал аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков және де үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, мектеп басшылары, ата-аналар кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Еліміздің және өз отбасының болашағы болатын ұл-қыздарының тәрбиесіне бей-жәй қарамайтын әрбір азаматтың көкейіне ой тастаған маңызды іс-шара болды.

Тәрбие жұмыстары

Ұлтаралық татулықпен достық, ынтымақты насихаттау мақсатында 14-29 жас аралығында жастардан «Толеранттылық клубтары» құрылғаны.

Қылмыс пен құқықбұзушылықтың зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша АІІБ, білім бөлімінің бірлескен жоспары аясында ХҚКО, мектеп ауылдық округ, автовокзалдар, халық көптеп жиналатын орындарға сенім телефондары жазылып ілінді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының «Балаларды бірігіп қорғайық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында ата-аналарға арналған бейнероликтер көрсетілді. Түнгі қалада 22.00-00.00 аралығында рейд ұйымдастырылып, ішкі істер басқармасының тергеу изоляторларына экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар комитетінің төрағалары қатысуында балаларды қараусыз қалдыру салдары туралы жиын өткізіліп түсіндірілді.         

Аудан прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуында «Прокурордың 100 кеңесі» барлық мектептердің ата-аналар жиналысында біргелікте түсіндірілді.

Кәмлетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы құрылды 1-11 сынып оқушылар қамтылып түрлі салаларда жетістіктерге жеткен азаматтардың қатысуында түсіндірілді. ұйымдастырылды.

Аудан прокуратурасы және аудандық ата-аналар комитетінің төрағалары қатысуында ата-аналарға қауіпті интернет сайттарға кіруді ата-аналық қадағалау туралы үндеу жарияланды

Білім беру ұйымдарынан оқушының үйіне дейінгі аумақтағы қауіпті орындар анықталып, Қауіпсіз мектеп картасы 124 мектепке орнатылып, оқушылардың күнделіктеріне ендірілді, сонымен қатар оқушылардың жолда жүру аумақтарына қатысты аудан әкімі аппаратына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол қатынастары бөліміне бірнеше рет хат жолданды.

Ата-аналар мен мектептердің байланысын арттыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 2017 жылдың қаңтар, наурыз, мамыр айларында «Ата-ананың мектептегі алатын орны» тақырыбында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды. Өз қызметкерлерін балаларының сабақтарына қатыстыру үшін аудандағы мекемелерге арнайы хаттар жолданды.

 

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар.

 

 Мақтарал аудандық білім бөлімі тарапынан Рухани жаңғыру аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы орындау мақсатында 2017-2018 оқу жылында атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша 852 оқушымыз облысымыздың тарихи, мәдени орындарына саяхаттап қайтты. Бағдарлама аясында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) өткізу жоспары бекітілді. Қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес 2017-2018 оқу жылының басталғанына аз уақыт болғанына қарамастан 28 сабақ тарихи орындарда, мұражайларда, табиғат аясында, кәсіпорындарда өткізілді. Бұл іс-шара оқу жылының соңына дейін жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, барлық мектептерде «Түлектер тақтасы» орналастырылған. «Түлектер тақтасы» ұйымдағы баршаға көрінетін жерге орналастырылды.

«Туған жерге туыңды тік» ауылдан шыққан танымал тұлғалармен мектептерде кездесулер өткізілуде, осы шаралар барысында шақырылған танымал тұлғалар мектептерге түрлі көлемде демеушілік жасауда. Кездесулер тұрақты жалғасады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлы онертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық конкурстан «Тұран» гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы Оразқожа Бақытжан Төлегенұлы дәрежелі І-орынды иеленіп Республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Ғаламдану процесінде ұлт ретінде сақталып қалудың негізгі шарттарының бірі ретінде «Мәдени-генетикалық код: тарих, салт-дәстүр» тақырыбында тарихшылар конференциясы өтті. Жиында мәдениет, өнер, салт-дәстүр және көркем әдебиеттің болашағы туралы ойлар ортаға салынды.

Мақтарал ауданыныңдағы барлық 125 білім беру ұйымында «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына арналған стендтер орналастырылып, бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасуда.