Қазақша  Русский  
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ<br>
МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА

Государственное учреждение
Государственные символы Республики Казахстан
eye 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

 

ПРИВЕТСТВЕННОЕ СЛОВО

 

 Мақтарал ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдары, «Білім туралы» заңы, Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 „Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру" т.б нормативтік құқықтық актілерінің шеңберінде жұмыс жүргізді.

2015 жылдың қыркүйек айында ауданда 122 жалпы, негізгі орта мектеп, 1 дарын мектебі жұмыс істеп тұрды. Оның 117-сы орта, 5-і негізгі. Одан бөлек 2 саз мектебі, 2 спорт мектебі, 1 оқу-өндірістік комбинаты және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылының басында білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 67369 оқушы білім алуда.

2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдарында (жалпы, орта, негізгі) барлығы - 8295 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 7698-сі жоғары, 597-і орта арнаулы білімділер. Жоғары санаттысы-731, І санаттысы-2997, ІІ санаттысы-2858, санатсызы-1709 мұғалім.

Аудандық білім бөлімінде штаттық бірлік бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары - 1, оқу тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі - 1, әлеуметтік құқық секторының меңгерушісі - 1, 5 бас маман, 1 жетекші маман, 1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 43 әдістемелік кабинет әдіскерлері қызмет атқарады.

Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жағдайы

Мақтарал ауданында 159 білім бөліміне қарасты білім мекемелері бар, олар: 122 мектеп, 33 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме (балабақша), 4 мектептен тыс мекеме, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негіздегі 202 балабақша жұмыс істейді.

Мақтарал ауданында мемлекеттік 117 орта, 5 негізгі, барлығы 122 мектеп, жұмыс істейді. 89 мектеп типтік үлгідегі ғимараттарда, қалған 33 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Аудан бойынша 118 мектеп жеке қазандықпен, ал 4 мектеп пешпен жылытылады. Жалпы аудандағы 91 мектеп қатты отынмен (көмір), 29 мектеп табиғи газбен, электр қуатымен Пушкин ЖОМ, сұйық отынмен (солярка) «Мырзашөл» ЖОМ-нің жылыту жүйелері жұмыс жасайды.

Аудандағы мемлекеттік 33 балабақшаның 21 типтік үлгідегі, 12 ыңғайластырылған үлгідегі ғимараттарда жайғасқан. 13 балабақша қатты отынмен (көмір), 20 балабақша табиғи газбен жылытылады. Аудандағы 33 балабақшаның жылыту жүйелері жеке қазандықпен жұмыс істейді.

Мектептен тыс мекемелер бар (екі саз мектебі, бір оқу өндірістік комбинаты, бір шығармашылық орталық). Оқу өндірістік комбинаты электр қуатымен, екі саз мектебі, шығармашылық орталық табиғи газбен жылытылады. Жылыту жүйелері жеке қазандықпен жұмыс істейді.

Жеңімпаз «Бердалиев Берик Кудайбергенович» жеке кәсіпкер жоспарланған 12471 тонна қатты отынды 2015 жылдың 1 тамызға дейін толық 100% мекемелерге тасмалданып бітті. Ал электр қуатымен жылытылатын Пушкин жалпы орта мектебі және табиғи газбен жылытылатын 29 мектептердің күзгі-қысқы маусымдарға дайындығы толық қамтамасыз етілген. «Мырзашөл» ЖОМ сұйық отынмен (солярка) жылытылады. 2015-2016 жылға жоспарланған 47,619 тонна сұйық отынды (солярка) жеңіспаз «Ақжан-Агро» ЖШС мекемесі 100% сұйық отынды мекемеге тасмалдады.

Төребеков Серік Әлмешұлы
 Мақтарал ауданының білім бөлімінің басшысы
 

 

Copyright © 2016, Отдел образования Мактааральского района
Адрес: 160500, Мактаральский район ул. Яссауи б/н
Телефон: +7 (72534) 6-52-65

Канцелярия: +7 (72534) 6-52-61
Приемная : +7 (72534) 6-52-65
e-mail: roo_maktaral@mail.ru