2019 жылдың 14 маусым күні Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының директорларымен жиналыс өткізілді. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ашып мектеп басшыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы М.Серикбаевты таныстырды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев «Бірге көтерген жүк жеңіл» демекші ауыз біршілікпен , бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Білім бөлімінің бас маманы М.Бабашев 2018-2019 оқу жылында атқарылған ауқымды, нәтижелі, жеңісті жұмыстардың қорытындысы туралы тоқталып өтті. Жыл қорытындысы бойынша 11-сыныпты 1666 оқушы бітірсе, оның 93 жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» иегері атанды, 65 оқушы жалпы орта білім туралы ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» иегері атанды. 9-сынып бойынша 2368 оқушы бітіріп, оның -193 «Үздік аттестат» иегері атанды.
ҰБТ орталығының директоры Б.Сәулебаев жаңадан ашылған тест орталығының атқарылып жатқан жұмыстары мен -2019 жылдың 20 мен 22 маусым күндері болатын ҰБТ –ны 2 лек бойынша тапсыратын мектептер жайлы тоқталып өтті.
|