Қосымша білім беру педагогтары
2019 жылдың 29 тамыз күні Мақтаарал ауданы Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебінде қосымша білім беру педагогтарымен «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау қызметі» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Б.М.Еркинованың басшылығымен тамыз педагогикалық секциясы өтті. Ол баяндама барысында қосымша білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамытуға, олардың қабілеттерін іске асыруға, қоғам өміріне бейімдеуге, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға жағдайлар жасауды көздейтіні туралы айтты. Тамыз педагогикалық секциясы соңында әдіскер мен қосымша білім беру педагогтары өздерінің ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасады.
|