«Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың заманауи тәсілдері»
2019 жылдың 28 тамыз күні Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «Арай» бөбекжай- балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың заманауи тәсілдері» тақырыбында кезекті тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесіне «Арай» бөбекжай -балабақшасының ұйымдастыруымен «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» концерттік бағдарламасы мен шебер қолдар көрмесі ұйымдастырылды. Барлық меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен басшылары қатысты. Тамыз кеңесін Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері С.А.Ибрагимова барша келген педагогтарды жаңа оқу жылмен құттықтап жаңа 2019-2020 оқу жылында ұрпақ өсіру мен бала тәрбиелеу атты ұлық істе толағай табыстарға жете берулеріне тілек білдірді. Кеңес бағдарламасы бойынша «Шолпан» балабақшасы меңгерушісі А.Данбаева Дамытушы ойындар лабораториясы «Воскович технологиясымен таныстырды». Сонымен қатар Коммуникация лабораториясы бойынша «Театрдың түрлері туралы » балалардың коммуникациясын дамытудың тиімді әдісі бойынша меңгеруші Г.Баймагамбетова баяндама оқыды. «Әсел» балабақшасының әдіскері Қ.Бейсенова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының құндылығын білім беру үрдісіне енгізу тақырыбында шебер сынып көрсетіп келуші қонақтарды тәнті етті. «Әуметхан» балабақшасының әдіскері Ж.Құлыншақова Озық тәжірибе тарату мақсатында «Ертегілер еліне саяхат»- тақырыбындағы әдістемелік құралымен таныстырып шықты. Арай балабақша тәрбиешілері келген қонақтарға «Шалқан» ертегісін сахналап көрсетсе, психолог Ақайша Еспенбетова «Түрлі –түске боялған Жаз» - эбру технологиясын балалардың жақсы меңгергенін таныстырып өтті, меңгеруші Айгул Биболова Чехия еліне тәжірибе алмасу барысында барған балабақшаларынан көрген дүниелерімен бөлісті. Кеңесті қорытындылау 2019-2020 оқу жылында тәрбиелеу білім беру процесінің ерекшеліктері туралы МАББ әдіскері С.Ибрагимова тоқталып түсіндіріп берді. Сөз соңында балабақша меңгерушілері мен педагогтар өздерінің ойларымен бөлісіп , кері байланыс берді.
|