Қазақша  Русский  
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА
Государственное учреждение
Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Главная / Новости

Новости
21-10-2019

    Мақтаарал ауданына қарасты №9 жалпы орта мектебінің базасында  2019 жылдың 22 қазан күні  химия, биология пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп зертханасы-ғылымға бастар жол» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға Қазығұрт, Келес, Жетісай, Сарыағаш, Шардара аудандарынан пән мұғалімдері қатысты. Тәжірибелік семинардың мақсаты: Білім беруде химия жəне биология пəндері сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мəдениетін қалыптастырудың білім беру саласындағы перспективаларын қарастыру жəне қиындықтарын талдау, ұстаздардың шеберлігін шыңдау мақсатында өтті. Келген қонақтарды аймақтық тәжірибелік семинардың басталуымен құттықтап мектеп директоры Торыбаев Ғалымжан сөз сөйледі. Аймақтық семинардың ашылу салтанатын Түркістан облысы әдістемелік орталығының әдіскерлері Айтбаева Шолпан және Керимбекова Айгерім құттықтаумен бастады. Өз сөзінде    Зертханалық жұмыстар – оқу үрдісінің маңызды элементі болып табылады. Бұл оқытуды өмірмен байланыстырудың маңызды түрлерінің бірі. Оқытудың теориясы мен практикасы үшін зертханалық жұмыстар жүйесінің, логикалық жолдары мен өткізу әдістерінің маңызы зор. Бұл мәселенің өзектілігі оқушыларды тек біліммен ғана емес, сонымен бірге білімді өздігімен алу дағдыларымен қаруландыру қажеттілігінен туындап отыр. Осындай сабақтарда оқушылар құралдармен жұмыс істеу дағдыларын игереді, өзбеттерімен тәжірибе өткізіп, оның нәтижесі бойынша қорытынды жасап үйренеді. Ал бұл оқушылардың өткен теориялық материалды жақсы игеріп, бекітуіне септігін тигізетіндігіне тоқталды.

Келесі сөзді  Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Спанова Шарипа сөз алды. Ол семинардың мақсаты мен міндеттеріне тоқтала отырып, неліктен осы тақырып таңдалынып алынғандығы жөнінде, семинардың бағыттары бойынша тарқатып айтып өтті. Әр бағыттың жұмыс мақсаты мен құрылымына тоқтала отырып, бүгінгі қатысушыларға сәттілік тіледі.

   «Ашық сабақтар» бағыты бойынша  2 ашық сабақ өтіп, талқыланды. Мұғалімдер №9 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі Ақбота Қожанақова 8 сыныпқа «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменін анықтау» тақырыбында және Қ. Қайсенов атындағы ЖОМ химия пәнінің мұғалімі Ш.Бердібаева «Металдардың тұз ертінділерімен әрекеттесуі» тақырыбында  ашық сабақтар өтіп, зертханалық тәжірибелерді оқушыларға орындатты және өз тәжірибелерімен бөлісті.

    «Шебер-сыныптар» бағытында: С.Торайғыров жалпы орта мектебінің  биология пәні мұғалімі Самалдикова Ботакөздің «Зертханалық жұмыстар арқылы оқушылардың  үштілде биологиялық терминдерді есте сақтау  дағдысын қалыптастыру», Мақтаарал ауданы, М. Ғабдуллин атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Аширова Гулжанаттың «Химия сабағында оқушылардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыру»,  Мақтаарал ауданы, «Болашақ» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Тумабаева Жанардың  «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру»,– Мақтаарал ауданы, №91 Ы. Алтынсарин жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тутымова Баянның «Оқушылардың ғылыми-шығармашылық зерттеушілік ізденіс дағдысын қалыптастыру» тақырыбындағы шебер-сыныптарына мұғалімдер жоғары баға берді.

 «Зертханалық тәжірибе мен сарамандық жұмыс» тақырыбындағы көрмеге білім беру ұйымдарынан 23 зертханалық тәжірибелер ұсынылды, оқушылар биология, химияның кереметтерінен қызықты тәжірибелер көрсетті. Жүргізген тәжірибелері туралы оқушылар химиялық тілде түсіндіре білді.

​​​​​​​


Copyright © 2022, «Отдел развития человеческого потенциала Мактааральского района»
Адрес: индекс 160547, Мактараальский район ул. Женис 10
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru