Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы»
2019 жылдың 30 қазан күні С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектеп базасында аудандық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері З.Куримбаеваның жылдық жоспарына сәйкес шығармашылық топ жетекшілерімен «Ағылшын тілінде кездесетін тілдік барьерді жоюдың тиімді жолдары» тақырыбында мектептердегі оқу үдерісін жандандыру және жетілдіру бағытына арналған, сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың бойында (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) дағдыларының қалыптасуына ықпал ету, ағылшын тілінде оқу үдересін ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру саласында ағылшын тіліндегі білім беруді дамытудың мақсаттарын және болашақтағы басым бағыттарын анықтау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері З.Куримбаеваның ұйымдастырумен өтілген дөңгелек үстелде пәндік үйірмелер және элективті сабақтар арқылы тілдік барьердің жойылуына ықпал ету, ТЖБ, БЖБ тапсырмаларының сынып деңгейіне білім стандартына сай қол жетімді құрастырылу, Жас мамандардың желілік қауымдастықта сабақ өткізуіне жағдай жасау, ҰБТ-ның қортындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттыру мақсатында ұтымды пікірлер мен келелі ойлар ортаға салынды.
|