Қазақша  Русский  
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ МАКТААРАЛЬСКОГО РАЙОНА
Государственное учреждение
Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Главная / Новости

Новости
06-11-2019

           Мақтаарал  ауданының әдістемелік кабинет әдіскерлері К.Утебаева және Т.Кыдырбаева 2019 жылы 7 қараша күні А.Тұяқбаев атындағы №29 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерімен  «Критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру» тақырыбында   семинар-кеңес өткізді.

         Семинардың мақсаты критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау, жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

    Бұрын оқытуда  оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

     Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

      Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

     Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

     Семинарда Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі мұғалімі Атабаева Гулхан «Ауа қалай козғалады?» панорамалық сабақ, Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы орта мектебі мұғалімі Дарибаева Ажар «Критериалды бағалау жүйесінің түйінді идеялары» және О.Бапышев атындағы №8 жалпы орта мектебі мұғалімі Жаманкулова Гулжан «Эффективная обратная связь» коучинг сабақ  өткізіп, №50 „Үлгілі“ жалпы орта мектебі мұғалімі Кенжаева Баян  «Критериалды бағалау-сапалы оқытудын кепілі» баяндама оқыды.


Copyright © 2022, «Отдел развития человеческого потенциала Мактааральского района»
Адрес: индекс 160547, Мактараальский район ул. Женис 10
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru