Оңтүстік аймақтың жетекші мектептерінің «Жаңару жаршысы - 2019» атты форумында алған жаңартылған білім беру мазмұнындағы озық тәжірибені тарату, өзара пікір алмасу ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылғы 24 қазанда Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы № 17 жалпы орта мектебінің базасында «Өзара ашық серіктестік – табысты мектеп кепілі» атты оқу-семинары өтті. Шымкент қаласы НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскерлерімен бірлесе отырып өткізілген семинар табысты өтті деп айтуға болады.
Шымкент қаласы НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталық филиал қызметкерлері аудандағы жетекші мектеп басшылары мен барлық серіктес мектеп басшылары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, үйлестірушілерінің қатысуымен өткен семинарда диалог алаңдарында қазіргі таңдағы білім берудегі өзекті тақырыптар талқыланып, қатысушыларға пайдалы шебер сыныптар өткізілді.
Семинарға қатысқан 200-ге жуық Білім беру саласының қызметкерлері жоғары қызығушылық танытып, шынайы алғыстарын білдірді.
|