«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ»
Мақтаарал ауданынында Республикалық “Мектепке жол” науқандық акциясы аясында Мырзакент кентінің орталық алаңында 2022 жылғы 20-21 тамыз күндері мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарын сатушыларының қатысуымен аудан тұрғындары үшін жәрмеңке ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Жәрмеңкеге облысымыздың бірнеше кәсіпкерлері оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Ауданымыздың оқушыларына қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық кәсіпкерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз.
|