АЛҒЫ СӨЗҚР Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше тоқталды. Ал бұл пікір білім беру саласына үлкен міндет жүктейді, себебі, ел экономикасының тағдыры білікті маманның қолында. Сондықтан, бәсекеге қабілетті маман дайындау- білім беру ошағының басты мақсаты. Оны жүзеге асыратын жаңа формациядағы мұғалім, яғни ізденімпаз, жасампаз, шығармашыл ұстаз. 2020-2021 оқу жылында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 56 мектеп оқу-тәрбие процесімен қамтылды, оның 55-і - жалпы орта, 1-і - негізгі орта мектеп. Жалпы оқушы саны - 28097, сонымен қатар 2574 бала мектепалды дайындық сыныбында тәрбиеленді. Сонымен қатар, бір «Оқу өндірістік комбинаты» және бір «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жұмыс істеп, қосымша біліммен 1424 оқушы қамтылды. 43 мектепте мүмкіндігі шектеулі 191 бала үйде, 15 мектепте 22 оқушы инклюзивті оқытумен және 11 мектепте 27 арнайы сыныптарында 257 ерекше білім беруді қажет ететін балалар білім алды. Ауданымыздың білім беру ұйымдарында өткен оқу жылында 11сынып бітірушілер саны – 1866 оқушыны құрады, олардың 1124 (60,2%) ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірді. «Алтын белгі» иегерлер саны – 97; жалпы орта білім туралы үздік аттестат иегерлері – 107. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында пәндік және спорттық үйірмелер жұмыс жасады: Ол үйірмелерге қамтылған оқушы саны – 22267, жалпы 76 % құрады. Мектептегі пәндік үйірмелер саны – 1006 , оған – 14434 оқушы қамтылды. Спорттық үйірме – 350, қатысатын оқушылар саны – 7833. Одан бөлек 16 дебаттық клубтар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілді.
Жоғарыда атап өтілген мекемелерде 3653 педагог оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, оның ішінен 3548 немесе 95,6% - жоғары, 105- арнаулы орта білімді. Мұғалім дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі – оның біліктілік санаты. Ауданымызда Педагог-шебер – 88; Педагог-зерттеуші – 889; Педагог-сарапшы – 851; Педагог-модератор – 431, ал қалған 824 педагог - жоғары, I, II санатты ұстаздар. Мұғалім заман талабына сай білімді, білікті болу үшін кәсіби біліктілігін арттыруды қажет етеді. 3653 мұғалімнің ішінен 1926 педагог біліктілігін арттырды, оның 796 - ПШО –да, 1130 - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында және 3500 - Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ПШО қашықтан оқыту бойынша Stepik.org платформасында. Өткен оқу жылында «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 сәуірдегі №137 бұйрығының 1-тараудың 2-тармақшасына сәйкес 2020-2021 оқу жылының ІV тоқсанында 1-11-сыныптарда толымдылығы 25 оқушыдан аспайтын сыныпта аралас оқыту форматы ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде қашықтан оқыту кезінде online.mektep. платформалары kundelik.kz бойынша жұмыс жүргізілді. . Серикбаев Муратбек
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы
|
||
|