Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Еңбекші» ауылдық округының «Нұрлы таң» ауылының тұрғыны 95 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Мақсұтов Бектас атаны мерекесімен құттықтау мақсатында, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің тәрбие саласы бойынша орынбасары Дәулетбайұлы Бағдат пен әдіскер Сулейменова Сәуле және «Нұрлы таң» жалпы орта мектебінің бір топ өнерпаз оқушылары ардагер атамыздың отбасында болып қайтты. Білім бөлімінің қызметкерлері құттықтау тілектерін білдіріп, бағалы сыйлықтарын табыс етсе, мектеп оқушылары өз өнерлерімен тарту жасады. Ардагер атамыз қиындығы мен қызығы қатар жүрген сан қилы өмір жолынан ғибаратты әңгімелерін ортаға салды. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткізген атамыздың айтары да, кейінгі ұрпаққа берер тәлімі де мол екендігіне тағы бір көз жеткізіп қайттық.
|