Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнер өрге жүзер деген халқымыз, перзентерін өнер білімге баулып тәрбиелеген. Соның бір айғағы Мақтаарал ауданының өнерпаз жасөспірімдері облыстық байқауда өрге жүзіп, бақтарын сынап қайтты. 2019 жылдың 15-мамыр күні Түркістан қаласында облыс оқушылары арасында өткен "Жастар-мәңгілік елдің болашағы" атты өнер фестивалі болды. Өнер фестивалінде үздік шығармашылық бастамалары, сан қырлы өнері рухани дамыған тұлғаны қалыптастырудағы еңбегі үшін Мақтаарал ауданының білім бөлімі және Мадияр Бабашев Түркістан облысының білім басқармасының 2-дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар Фестивальға ауданымыздан А. С. Пушкин атындағы ЖОМ, Абылайхан атындағы ЖОМ, Панфилов атындағы ЖОМ, "Мырзакент" МГ, "Мақтаарал" МГ, Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектептерінің өнерпаз оқушылары қатысып қайтты. Үлкен додада өнерімен оқ бойы озып шыққан ұландарымыз облыстық фестивальдан жүлделі 2-орын иеленді. Өнерпаз оқушыларымызды аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өнердің биік шыңдарын бағындыруына тілектестігін білдірді.
|