КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының директорлары мен меңгерушілері арасында 2019 жылдың 24 мамыр күні С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектептің базасында директорлар жиналысы өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысының м.у.а М.Бабашев 2018-2019 оқу жылының қорытындысы , «Соңғы қоңырау» және «Мектеп бітіруші кеші» мерекелерін ұйымдастыру туралы айтып өтті. Бөлімнің бас маманы А.Кошкаров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» баяндама жасады. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ережелерімен шығармашылық орталығының қызметкері М.Сәрсенбаева түсіндіріп өтті. Әдістемелік кабинетінің әдіскері Т.Айнамқұлов «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткер оқушылар туралы, қорытынды аттестаттау мен мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әдіскер С.Ибрагимова мектепке дейінгі ұйымдардағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар туралы баяндама жасады.
|