2019 жылдың 28 мамыр күні №4 С. Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыстық мобильді топ Мақтаарал ауданының мектеп бітірушілерімен және ата-аналарымен кеңейтілген жиналыс өткізді.
Аталған мобильді топ бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, жұмыссыз жастар мен мектеп бітірушілер және олардың ата-аналары арасында тегін кәсіби – техникалық білім алу мүмкіндігі туралы ақпараттарды таратты. Сонымен бірге колледж бітірушілерін жұмыспен қамту шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
|