2019 жылдың 29 мамыр күні С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Ай-тұмар» қоғамдық бірлестігі, мен Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен зорлық-зобылықтың алдын алуға «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты тақырыпта үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік жобаның мақсаты адамның дене зардабын немесе психикалық зардап шегуіне жол бермеу, алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараға ауданымыздың білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог, әлеуметтік педагог мамандары қатысып, біргелікте үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында мектептердің педагог-психолог, әлеуметтік педагог мамандарына ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
|