БАР ЖАҚСЫЛЫҚ- БАЛАЛАРҒА.
Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына,бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып отыр. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша,мектеп және оның өскен ортасы. Елбасы,Ұлт көшбасшысы Н. Ә.Назарбаевтің тікелей басшылығымен «Балапан» бағдарламасы аясында ауданымызда нәтижелі істер атқарылуда. Атап айтсақ, қазіргі таңда ауданда 13 мемлекеттік, 82 жекеменшік балбақша, 56 жалпы орта білім беретін мектеп, 11 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт, музыка мектептері,шығармашылық орталық, балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жұмыс жасайды.
Құрметті балалар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Құрметпен
Мақтаарал ауданының
Білім бөлімінің басшысының м.у.а
Бабашев Мадияр Асанұлы.
|