1 – МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ.
Қазақстанда 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі.
2019 жылдың 1-маусым күні Мақтаарал ауданы «Мырзакент» кентінің орталық алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Болашағымыз - балалар» атты іс-шара өтілді. Мерекеге аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досым Асабаев және білім бөлімінің басшысының м.у.а М.Бабашев құттықтау сөз сөйлеп, «1950 жылдан бері аталып өтіліп жатқан бұл мереке тек қана бүлдіршіндерді қуантуға арналған күн емес, ересектер балалар үшін жауапты екенін, балалар қамқорлық пен қорғауды қажет ететінін ескерту» дей келе, «балаларымызға түн ұйқысын төрт бөлген аналарыңыз бен, сіздер үшін аянбай еңбек етіп жүрген әкелеріңізді құрметтеу – сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыз болсын» деп тілектерін білдірді.
Іс- шара өнерлі жастардың өнер шеруімен жалғасын тапты. Мерекелік іс-шараға жиналған 700 балаға Мақтаарал ауданының әкімдігі тарапынан балмұздақ таратылды. Жаз айының алғашқы күні 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған іс-шара арқылы Еліміздің болашағы, шаңырағымыздың шаттығы, отбасының қуанышы балалар және мектеп оқушылары қамқорлық пен ыстық ықласты сезінгендігі сөзсіз.
|