Құрметтi аудан тұрғындары!
1992 жылы 4 маусымда елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев тәуелсiз Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздерi туралы заңға қол қойды. Бұл рәмiздер бiздiң ең басты мемлекеттiк құндылықтарымыз — Ту, Елтаңба, Әнұран. Осылайша бiз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егемендi мемлекет бар екенiн және ол ғасырлар бойы азаттығын қастерлеп, рухын биiк ұстап өтетiндiгiн тағы бiр мәрте дәлелдедiк. Сол сәттен бастап бұл күн Қазақстандықтар үшiн басты мерекелердiң бiрiне айналды. Мемлекеттiк рәмiздер — бiздiң сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрiнiсi. Оның мазмұнды нышандары кешегi өткенiмiздi айшықтап, ертеңгi мақсатымызды айқындап тұр. Рәмiздердегi нышандар арқылы Қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесi қалыптасады. Олар Елбасының сындарлы саясаты негiзiнде қолға алынған құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл — ашықтық, бейбiтшiлiк, еркiндiк, тәуелсiздiк және келiсiм. Сондықтан да, Мемлекеттiк рәмiздер әрбiр қазақстандық азаматтар үшiн де, өскелең ұрпақ үшiн де аса зор құндылық болып табылады. Мемлекеттiк рәмiздер кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлiгiне айналған. Рәмiздерге деген құрмет — азаматтардың өз елiнiң азаматы екендiктерiн қаншалықты деңгейде түйсiнуiнiң, ел болашағына деген сенiмiнiң және патриоттық сезiмдерiнiң өлшемi. Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Құрметпен
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі басшысының м.у.а
Бабашев Мадияр Асанұлы
|