ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ЖЕТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАР!
Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан. Білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түсіп, дүниетанымының өзгеретіні белгілі дүние. Соның бір айғағы Мақтаарал ауданы, «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4-6 маусым күндері 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдаурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, білім біліктілігінің арқасына жеңіс тұғырынан көріне білді. «Ғаламшар ғажайыптары» бағытында 8-сынып оқушысы Сәрсехан Жаңыл І дәрежелі дипломмен, «Ақпараттық технологиялар» бағытында 6-сынып оқушысы Мыңбосын Аслан І дәрежелі дипломмен, медальмен және «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 15 күндік жолдама жеңіп алды. Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Төлеп Нұрмұхаммед ІІ дәрежелі дипломмен, математика пәні бойынша «Сандық есептер» бағытында 7-сынып оқушысы Жасұзақ Бибінұр ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өрісі кең өрендердің өмірлеріне сәттіліктер тіледі.
|