Бүгін сіздер үшін өте бақытты сәт, қуанышты күн. Қазақстан Республикасының толық құқықты азаматы ретінде сіздерге жүктелер жауапкершіліктер де жоғары. Жаңа ғасырдың асуында қандай биіктік болсын бағындыруға, қандай асу болсын алуға дайын, бәсекелестікке қабілетті,заман талабына сай білімді де, білікті болыңыздар, жас достар! Сіздердің мектептен алған білімдеріңізді халық игілігіне пайдаланатын кездеріңіз келді. Осы жолда еліміздің әл-ауқатын көтере отырып қуатты елдер қатарында тұруына өз үлестеріңізді қосыңыздар! Сіздерге қажымас қайрат, асыл арман, мол бақыт, терең білім,сәт сапар тілеймін!
Құрметпен
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі басшысының м.у.а
М.Бабашев
|