Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеевтің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Мақтаарал ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы мектеп жасындағы 50 баланы салтанатты түрде қарсы алып, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасына орналастырылды.
Мұнда балалар 10 күн бойы демалып қана қоймай, түрлі мәдени ісшаралар, байқаулар, спорттық жарыстарға қатысып- мақталы өңірдің тарихи мұражайларымен таныстырылатын болады.
|