Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
26-08-2019

Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады
Абайдың 19-шы қара сөзі
2019 жылдың 27 тамыз күні Мақтаарал ауданы білім беру саласындағы қызметкерлерімен «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Тамыз кеңесіне білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы дәрежедегі педагогикалық көрмелер қойылды.Кеңес қатысушылары педагогикалық көрмелердегі озық іс-тәжірбиелерімен танысып ,мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дайындаған гүлдер композициясын тамашалады.Мақтаарал ауданы педагогтарынан құрылған «Мақтаарал сазы» оркестрі қазақтың әсем ән күйінен кеңес қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, мектеп оқушыларынан құралған көркемөнерпаздар, әсем бишілері би билеп, әуенді әндерін шырқады.
Салтанатты жиынға ауданның 56 мектептің басшылары мен ұстаздары және бала бақшалар меңгерушілері, Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы, мәслихат хатшысы Сәрсекбаев Қадыр Тұрарұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асабаев Досым Тұрғанбайұлы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Қадырбекова Анапия Арыстанбайқызы Кентау «Білім – инововация ер балалар лицей-интернаты директоры Үркімбаев Рахым Халилуллаұлы және білім саласының ардагерлері, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Білім саласындағы 1 жылда атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Аудандағы білім беру жүйесінің дамуы бойынша дайындалған бейнероликте «Мырзакент» мектеп – гимназиясы оқушыларының ұстаздарды құттықтауы әрбір ұстазға ерекше сезім силағаны сөзсіз.
Тамыз кеңесін аудандық білім бөлімінің басшысы Серикбаев Мұратбек Тулапович ашып берді.
Кеңес барысында аудан әкімі Б.Асановтың баяндамасында адами капиталды дамыту үшін ауданымыздың білім беру мазмұнын түбегейлі жаңғыртуды басты назарда ұстау керектігін айта келе ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық толағай табыстар тіледі.
А.Қадырбекова өзінің құттықтау сөзінде білім беру қызметкерлеріне мемлекеттің қойып отырған міндеттерін жоғары дәрежеде орындауға шақыра келе, 1 жылдық тарихы бар Мақтаарал ауданының ұстаздарына 2019-2020 оқу жылы табысты, сәтті жыл болуына тілектестігін білдірді.
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев баяндамасында қоғамымыздың ең беделді де белсендісі де – ұстаз дей келе, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жетістіктеріне тоқталып өтті.
Жарыс сөзге ардагерлер кеңесінің төрағасы Мелдеханов Сейіткерім «Жаңартылған білім беру бағдарламасымен курста оқып келген ұстаздардың жұмысына сараптама жүргізу керектігін және ауданымызда гимназия мектебін ашуды ұсынды.
Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ-ның математика пәні мұғалімі Н.Әлімбетов жарыс сөзге шығып, «білім сапасын арттыру үшін, мұғалімнің біліктілігін, шеберлігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Тамыз кеңесін аудан әкімі Б.Асанов қорытындылады.
Кеңестің екінші бөлімінде білім беру ісінің үздіктерін Республикалық, облыстық аудандық марапаттар табысталды.
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бір - өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы, міндеті.


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru