Мемлекеттің Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін тілге тиек етті. Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау керек екендігін де Президентіміз ерекше атап өтті. Біз бұл бастамалардың баршасын қолдаймыз!
Спанова Шарипа,
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскер