Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдау жасады.
Ол өз жолдауында:
1. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс;
2. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңыздылығы;
3. Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырып, қолдау көрсетті.
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы мен қызметкерлері жолдауды ұжым болып тыңдап, алдағы жаңа оқу жылында өз жұмыстарында басшылыққа алу үшін нақты мақсат мен межесі айқын бағыт алды.