1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
1 қыркүйек мектеп оқушыларының асыға күтетін салтанатты мерекесі. Өйткені – жаз бойы демалып, алтын ұяларын сағынған оқушылар алтын ұяларына асыға келеді. Алғашқы қоңырау соғылып, сынып парталарына отырады. Бұл күн бәріне қымбат. Өзге аудандардағы секілді алғашқы қоңырау меркесі Мақтаарал ауданында да өз деңгейінде аталып өтті. Аудан әкімі мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді құттықтап, ұстаздарға табысты еңбек пен жеңісті сәттерді тіледі. 1 қыркүйек білім күні мерекесіне Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов және білім бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Мырзакент кентіндегі №2 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде арнайы болды. Бұл күнде кейбір бүлдіршіндер мектеп табалдырығын жаңадан аттаса, енді бірі сыныптан сыныпқа ауысып, бір жасқа өседі. Іс-шараға аудан басшыларымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері шақырылды.
«Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, оқушылар! Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымыздың айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыздың отбасыларыңыздан береке кетпей, істеріңіз табысқа толы болсын! Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамдарың берекелі, несібелі қадам болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер, экономикасын алға сүйрер елжанды азаматтар болып жетілсін деген тілек білдіргім келеді!», деді аудан әкімі Бақыт Асанов.
Салтанатты жиын барысында білім бөлімі басшысы оқытушыларды, ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушыларын 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. оқушыларға жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, шыдамдылық, шығармашылық құлшыныс тілей отырып, бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеп, бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!-деп тілегін жеткізді.
Шара соңында ата-аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар – мектеп ұжымына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп 1 қыркүйек білім күнімен құттықтау сөздерін жеткізді.
|