Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
28-08-2019

Жаһандану жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері
2019 жылдың 29 тамыз күні Мақтаарал ауданы Абай атындағы №17 жалпы орта мектептің базасында «Жаһандану жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері» атты секциялық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: педагог тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғыда өзгертуге, оның ішкі әлеуетінің ашылуына, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау. Секциялық семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Бердіхан ашып, мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құтықтап, алдағы оқу жылына толағай табыстар тіледі. Семинарда «2019-2020 оқу жылындағы өзін-өзін тану пәнін оқыту үдерісіндегі ерекшеліктер», «Өзін-өзі тану пәнінде ұлы Абайдың қара сөздерін талдау» және т.б. баяндамалар оқылып, №41 жалпы орта мектептің мұғалімі К.Шеримбетованың ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастырудың маңыздылығы» тақырыбында шебер-сыныптары көрсетілді.


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru