2019 жылы 6 қарашада Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті «Ақ алтын» мәдениет үйінде облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуарбек Бейсе, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Нышанбай Байғұт, Сайрам аудандық қоғам кеңесінің төрағасы Қалыбек Амангелді, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Исламова Ұлтуар Құдайбергенқызының қатысуымен аудандық кеңейтілген ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесне белсене қатысуының маңызын арттыру, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатын іске асыруда ата-аналар мен мектептің ынтымақтастығын нығайту.
|