2019 жылғы 6-7 қарашда Түркістан қаласында дәстүрлі «Ясауитану» байқауы өткізілді. Байқауға еліміздің әр өңірінен 40-тан астам оқушы келген. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметін» жатқа оқудан сайысқа түссе, екінші кезеңде Ясауи мұрасы, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалар, Түркістан тарихынан билет сұрақтарына жауап берді.
Байқаудың мақсаты - қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа кеңінен түсіндіру.
Түркістан қаласында өткен Республикалық "Ясауитану" байқауына аудандағы №32 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ж.Абилхан "Алғыс хат" және жетекшісі А.Борибаев "Алғыс хат" алса, "Жас Алаш" жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы С.Хабибова «20 000 теңге» ынталандыру сыйлығын иеленіп, жетекшісі А.Абдулин "Алғыс хат" алды. Мақтаарал ауданы білім бөлімінің тарих пəні əдіскері Р.Алтынбаева да "Алғыс хат" алды.
Мақтаарал білім бөлімінің басшысы Серикбаев Мұрат оқушылар арасында өткен Республикалық "Ясауитану" байқауына қатысқан оқушылар және жетекшілерімен жүздесіп, аудан намысын республикалық дəрежеге қорғап, белсенділік танытқаны үшін шынайы алғысын айтты.
|