Ағымдағы жылдың 12-14 қараша аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізілді. Олимпиадада Түркістан облысының намысын Мақтааралдықтар қорғады. Балалар мен жасөспірімдердің құндылық бағыттарын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі кемелдендіруге, рухани-адамгершілік білім беруге, тұлғалық қасиеттер мен азаматтық ұстанымдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған Республикалық олимпиадаға облыстық кезеңде «БАС ЖҮЛДЕ» алған Мақтаарал ауданы, Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Пратаева Гүлбайра мен 8 сынып оқушылары Досан Гаухар, Тәңірберген Димаш, Шүренбай Жанел РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА өз білімдерін сынап, жүлделі ІІ орынға ие болды. МАҚТААРАЛДЫҚТАР жеңіс құтты болсын!
|