2019 жылдың 14 қарашасында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңесімен бірлесіп, өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық, әділдік, адалдық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен «Адал ұрпақ» мектебі клубының облыстық слетінде «Мақтаарал» мектеп гимназиясының оқушыларынан құрылған команда «Тапқыр топ» номинациясын жеңіп алып, білімдарлығымен,тапқырлығымен көзге түсті. Мақтаарал мектеп гимназиясының оқушыларына шығармашылық табыс, алдағы байқауларда жеңімпаз болуларына ниет білдіреміз.
|