2019 жылдың 23 қазан күні Түркістан қаласы, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. Олипиаданың мақсаты білім беру ұйымдарындағы оқушылардың өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастмамашылдығын дамыту. Байқауда Мақтаарал ауданының намысын Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі Пратева Гүлбайра Еркараевнаның жетекшілігімен «Жүрек нұры» атты 8 сынып оқушыларынан құралған команда оқ бойы озып «БАС ЖҮЛДЕНІ» иеленіп қайтты.
Білімімен мыңды мойындата білген жеткіншектерді, жетекшісімен бірге Мақтаарал ауандық білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Республикалық додада Түркістан облысының намысын Мақтаарал ауданының жас жеткіншектеріне қорғауды тапсыру, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін айта отырып, облыс үмітін ақтау үшін дайындықты күшейтуді тапсырды. Жеткіншектердің алар асуы биік болсын!
|