Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
25-11-2019

Түркістан облыстық әдістемелік орталығының 2019 жылғы 21 қараша күнгі №459 бұйрығына сәйкес Түркістан облысы Мақтаарал ауданы №35 «Болашақ» жалпы орта мектебінің базасында «Оқушылар потенциалын тиімді дамытудағы инновациялық оқыту технологияларын қолдану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың потенциалын тиімді дамытудағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Білімдік үдерісті ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдау, педагогикалық ғылымның жаңарған жетістіктерін, педагогикалық теориялық-практикалық инновацияларды насихаттау.

Семинарды облыстық әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы А.З.Турсынбаев пен Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы М.Т.Серикбаев ашып мектеп директоры А.Қ.Байзакова «Білімге бастар құт мекен» атты баяндамасымен жалғастырды. «Мақтарал» МГ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ж.К.Кадирова «Жаңа әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі», М.Тоқжігітов  жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  К.Танирбергенова «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушы құзіреттілігін арттыру», М.Ғабдуллин жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ж.Айнабекова «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы интелектуалдық потенциалды дамыту» тақырыптарында шебер сынып, И.Панфилов жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Д.Борбасова «Тригонометриялық теңдеулерді шешу», «Болашақ» жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі М.Абилдаев «Тригонометрия, Көпжақтар», физика пәнінің мұғалімі Д.Шекербаев «Денелердің электрленуі. Электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер», химия пәнінің мұғалімі Ж.Тумабаева үш тілде «І топ элементтері және олардың қосылыстары №6 көрсетілім «Натрийдің су мен әрекеттесуі», биология пәнінің мұғалімі А.Бекназарова «Қантамырлар жүйесі аурулары Гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық аурулар» тақырыбында тәжірибелік сабақтар көрсетті. Жаратылыстану бағытындағы өткізілген сабақтардың барлығында    3 «D» қаламсабын жоғары деңгейде қолдана отырып, ерекше әсерлі етіп өткізді. Математика пәнінің мұғалімі М.Абилдаев «Kahoot» бағдарламасын тиімді тұстарын көрсете отырып, оқушылардың өзін-өзі тексеру мүмкіндігін шыңдауға, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру кезінде қажет болатын жылдамдықпен есеп шығару дағдысын қалыптастыруға, сондай-ақ заманға сай бәсекелестікті оқушыларға үйрете алды. Өзге ауданнан келген қонақтар оқушылар потенциалын арттыруға үлес қосатын әдіс-тәсілдерді ортаға салып, оң тәжірибесін бөліскені үшін аудан мұғалімдеріне шынайы алғыстарын айтты. 


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru