Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Қалыбеков а/о орналасқан «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасында 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.Балабақша балалары ертеңгілікті Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен бастады, елбасы туралы қысқа метражды кино тамашалады,кейіннен балалар өз өнерлерін ортаға салды. Балабақша бүлдіршіндері елбасы туралы өз ойларын білдіріп, Күтпеген сәт: Баланың түсі көріністерін қойып берді.
Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен. Елбасының тұңғыш рет президент болып Халқына деген сүйіспеншілігін, білдіріп, көптеген ғимараттар мектептер, балабақшалар салғызды. Біз елбасымызға рахмет айтуымыз қажет. Бізге балабақша салып бергеніне және де, өз халқына қамқор бола білуінде. Біз елбасын мақтан етуіміз керек. Іс-шараға ата-аналар мен педагогтар қатысып ризашылығын білдірді.
|