Көшбасшылық негізінде жетекші мектеп пен серіктес мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы жетекші мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуындағы тәжірибесін тарату мақсатында 2019 жылғы 11 желтоқсанда№52 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Жетекші мектеп – білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы даму алаңы» атты аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мектеп директорлары, тренерлері мен сарапшылары, қоғамдастық желі мүшелерін қатыстыра отырып өткізілген семинар өте жақсы деңгейде өтті деп айтуға болады.
Аталған семинарда диалог алаңдарында қазіргі таңдағы білім берудегі өзекті тақырыптар талқыланып, қатысушыларға пайдалы шебер сыныптар өткізілді. Жастар жылы аясында «Қиындықты жоюдың жолдарын анықтау – кәсіби шеберлік жұмысының алға басуы» атты таныстырылымда жас мамандар өз тәжірибелерін ортаға салып, жұмыстың ұйымдастырылуын мен тың мәселелерді шешу жолдарын көрсете білді. Сондай-ақ шебер сыныпта «LS» - сабақты жоспарлаудың тиімді құралы ретінде ұсынып, сабақ үдерісін жүйелеуде оқушыны зерттеу тәсілінің де алар орнын айқындап көрсете алды.
Семинарға барлық мектептен тренерлер мен үйлестіруші, сарапшы, қоғамдастық желі мүшелерінен 150-ге жуық мектеп басшылар мен мұғалімдер қатысып, өзара озық тәжірибе алмасып, өткізілген ашық және десант сабақтарды қызу талқылады.
|