Бүгін 11 желтоқсан күні №31 «Береке» жалпы орта мектебінде жаңартылған білім беру аясында сабақтарға өзгеріс енгізу тәжірибесін тарату мақсатында "Сабақтың түрін өзгерту арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру" тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинардың ашылу салтанатын мектеп директоры Н.Орынбекова мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Құралай Утебаева сөз сөйлеп ашты. Семинарда өтілген сабақтар оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға, оқушылардың оқуына барынша қолдау көрсетуге бағытталды.Оқу үдерісіндегі ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылар сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын, жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілетін дамытуға негізделді. Семинардың қорытындысында өте жақсы кері байланыс берілді.Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға ықпал ететін семинар болды деген жоғары баға берді.
|