Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Выготский «Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек » -деген екен.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерімен «Сапалы білім негізі- жаңартылған технологияларда» семинары №36 жалпы орта мектеп базасында 2020 жылы 8 қаңтар күні өткізілді. Семинар мақсаты тиімді әдіс- тәсілдер арқылы тәжірибе алмасу; пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету; педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету. Даубаева Айгерім Абылайхан атындағы №2 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі «Құзіретті мұғалім» тақырыбында өзінің керемет тренингін көрсете білді. №50 „Үлгілі“ ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Кенжаева Баян өз тәжірибесімен бөлісіп, жинақталған әдістемелік құралдарын аудан көлемінде таратуға ұсыныс айтылды. Секция жетекшілері К.Утебаева Т.Кыдырбаевалар мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өтікізудің әр түрлі әдіс тәсілдері екенін айттып кетті.
|