20 жылдың 8 қаңтары күні «Үлгілі» жалпы орта мектебінің базасында «Жаратылыстану пәндерін оқытуда STEM әдістерін қолдану –білім берудің тиімді мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: STEM технологиясының артықшылықтары, білім берудегі зерттеушілік дағдыларды, тәжірибелік және инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастастыру, білімнің толық интеграциясын іске асыру.
Семинар барысында Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі А. Дүйсенбаева Ұлы ғұлама Конфуцийдың «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» дәйексөзін қолдана отырып «Биология сабағында STEM технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында ақпараттық мәлімет беріп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
М. Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің озат тәжірибелі ұстазы Г. Аширова «Олимпиада- Білім шыңы» тақырыбында баяндама жасап, оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы іс –тәжірибесін ортаға салды және күрделілігі жоғары олимпиада сұрақтарын пән мұғалімдерімен талдады. Құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер арқылы айқын, жарқын мақсаттың тиімділігін көрсетті.
«Үлгілі» жалпы орта мектебінің пән мұғалімдері К. Биболова және А. Сабырова «Пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында шебер-сынып өтіп, сабақта қолданылатын тиімді әдістермен бөлісті.
Қ. Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі М. Сегизбаева және «Жас алаш» жалпы орта мектебінің мұғалімі«Биология және химия сабағында әдіс-тәсілдерді үш тілде тиімді пайдалану» тақырыбында шебер-сынып өтіп, сабақ өтудің жаңа сипаттағы үлгісін көрсетті.
|