2020 жылдың 8 қаңтар күні Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты
Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектептің базасында аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Куримбаеваның жылдық жоспарына сәйкес орыс тілі пән мұғалімдерімен «Формирование словообразовательной компетенции на уроках русского языка» тақырыбында мектептердегі жаңартылған білім беру мазмұнын ендірубарысында пәндер бойынша мәтінді талдау және рефлексия түрлерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында оқыту семинары болып өтті.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері З.Куримбаева мен мектеп директоры Қ.Доскараев барша келген педогогтерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, білім беруде толағай табыстарға жете берулеріне тілек білдірді.
«Мырзакент» мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бетауова Күнсулу «Комплексный анализ текста» тақырыбында тренинг сабақ өтті.
№6 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі пәні мұғалімі Султанова Любида «Виды рефлексии» тақырыбында мастер-класс көрсетіп, өзінің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Білім бөлімінің әдіскері З.Куримбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығын түсіндіру және 2019-2020 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау ерекшеліктері туралы жалпы педогогтерге таныстырып өтті.
Семинар соңында педогогтер өздерінің ойларымен бөлісіп, кері байланыс бере отырып, тәжірбие алмасты.
|