2020 жылдың 8 қаңтар күні Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мақтарал» мектеп – гимназиясының базасында «Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері» тақырыбында ақпараттық семинар болып өтті. Семинар барысында педагогикалық көрмелер ұйымдастырылды. «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері мен маңыздылығы» тақырыбында «Мақтарал» МГ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.Байназарова баяндама оқыды. Семинар қатысушылары әрі қарай коучинг сессия, шебер сынып сабақтарына қатысты. Коучинг сессия сабақтарын тәжірибелі мұғалімдер С.Садирова мен Ұ.Утелова «Оқыту мен оқудағы сабақты зерттеу әдісінің тиімділігі» тақырыбында, Ж.Турешова мен Т.Бурлибаева «Критериалды бағалау оқушы еңбегін бағалаудың сенімді құралы» тақырыбында, Н.Қалназарова мен Г.Пазылбекова «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс - тәсілдер» тақырыбында шебер сыныптар өткізді. Сонымен қатар З.Худжумборова, Р.Ахетова, И.Тимощук, Л.Бектурсунова, А.Омарова, М.Шынтөреева апайларымыздың өткізген коучинг сессия сабақтары мен шебер сыныптары көпшілік көңілінен шықты. Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткізілген бұл семинарға қатысушылар үлкен ризашылығын білдіріп, өзара тәжірибе бөлісті.
|