Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар:
1) сабақтарды бірлесе жоспарлау
2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.
Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) әдісі. Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім.
Бүгін 2020 жылы 15 қаңтар күні «Сабақты зерттеуде әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты тақырыбында С.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінде Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері К.Утебаеваның жетекшілігімен семинар болып өтті.Үздік тәжірбелерді тарату, серіктес мектептердің оқыту үдерістеріне сабақты зерттеу және БЖБ және ТЖБ құрастыру жолдары жайлы әдістемелік көмек берілді. Мұғалімдердің білімі мен біліктілігі кеңейтіліп тәжірибелерін бөлісу мақсатында серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлескен іс-шара өтті. С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Д. Пулатова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміА. Шамшибаева , тарих пәнінің мұғалімі Е.Танбергенов, бастауыш сынып мұғалімі Г. Садирова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г. Аханова , биология пәні бойынша А.Серперова жоғары деңгейде десант сабақтар өтті.
|