Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
2020 жылы 31 қаңтар күні «Сабақты зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі» атты тақырыбында Қ.Мүсірепов атындағы № 20 жалпы орта мектебінде Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері К.Утебаеваның жетекшілігімен семинар болып өтті. Әріптестік пен кәсіби даму мәдениетін дамыту, серіктес мектептердің оқыту үдерістеріне сабақты зерттеу және мұғалімдермен тәжірибе алмасу арқылы диалогты туындату жолдары жайлы әдістемелік көмек берілді. Сабақты зерттеу арқылы мұғалімдердің оқыту және бақылау дағдыларын қалай дамытуға болатындығын көрсету мақсатында серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлескен іс-шара өтті. Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ж.Иманбетова, тарих пәнінің мұғалімі Д.Алимбаева, бастауыш сынып мұғалімдері А.Қыдыришова және А.Ахмедова жоғары деңгейде ашық сабақтар өтті.
Lesson Study - мұғалімнің практикалық білімінің дамуына бағытталған іс әрекеттегі зерттеудің жоғары түрі. Мұғалімдер педагогикалық әдістерін жаңартатын, кәсіби біліктілігін жетілдіретін технология.
Мұғалімнің оқытуына емес, оқушының оқуына басты назар аударылады.
Lesson Study іс-тәжірибесінің күшті жақтары:
Сабақ жоспарын құру барысында топ мүшелері бірлесе отырып сабақ жоспарын құрастырады
Сабақ барысында А,В,С деңгейлі оқушыларды мұғалімдер, бақылайды, өз зерттеулерін жүргізеді.
Топ мүшелері сабақтағы біздің қолданған 7 модульді, әдіс-тәсілдердің кейбіреулерін алып өз сабақтарында қолданады. Іс-тәжірибе алмасады.
Бұл тәжірибеге тренерлер келіп бақылап, тексеріп, ұсыныстар айтады, бағыт-бағдар береді, әдістемелік көмек көрсетеді.