«Мырзакент» мектеп-гимназиясының базасында 2020 жылдың 4 ақпаны күні аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Ултуар Исламова білім беру ұйымдарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен ақпараттық семинар өткізді.
Семинар барысында У.Исламова 2020 жылдың 30-31 қаңтары күні Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен өткен секция отырысындағы негізгі мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолдары және «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіріп өтті. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдардың педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, педагогтің кәсіби стандарты, тәлімгерлік және педагогикалық әдеп-педагогтердің осы Заңда және педагогикалық әдеп қағидаларында белгіленген мінез-құлық қағидалары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларымен» орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулықпен әр пән әдіскерлері талдап айтып өтті. Ақпараттық семинарда көптеген мағлұматтар айтылып, жеке-жеке талқыланып, ұсыныстар берілді. Семинар соңында ұстаздар қауымы алғыстарын білдірді.
|