Қазақша  Русский  
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
eye 
Басты / Жаңалықтар

Жаңалықтар
04-02-2020

2020 жылы 5 ақпан күні С.Датұлы атындағы №23 жалпы орта мектебінде серіктес мектептер арасында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу, мәселе, ізденіс, рефлексия» атты тақырыпта семинар болып өтті. 

Тәжірибені жетілдіру мақсатында серіктес мектептердің оқыту үдерістеріне сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, БЖБ және ТЖБ құрастыру жолдары жайлы әдістемелік көмек берілді.

Семинарда С.Датұлы атындағы №23 жалпы орта мектебінің педагог-психологы Чуренова Мөлдір «Әрбір бала бір жұлыз» тақырыбында тренинг сабақ өтіп және мектеп тренері ретінде «С.Датұлы ұстаздары» қауымдастығының жұмысымен таныстырды. Абылайхан, Тұяқбаев, «Нұрлы жол» жалпы орта мектептерінің бірқатар ұстаздары келіп, десант және шебер сынып сабақтарын өтті. Атап айтқанда, С.Датұлы атындағы №23 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Осимова Биғайша (қауымдастық жұмысы), Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебінің мұғалімдері Дильдабекова Гульмира және Қлышбекова Ақмарал «LS сабақты зерттеу бойынша шебер сабақ» , «Нұрлы жол» №21 жалпы орта мектебінің мұғалімдері Мултикбаева Феруза «Б.Майлин «Шұғаның белгісі»хиқаясы», Алимбеков Нұрлан «Адам қаңқасының құрылысы.Трек- қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі», Уразимбетова Жаңыл «Counfable and Uncounfable nouns», Сатыбалдиев Бақытжан «1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдени өмірі», С.Тұяқбаев атындағы №29 жалпы орта мектебінің мұғалімдері Сейдеханова Жазира «Зат есімнің тәуелденуі», Жумадуллаева Жулдызай «С.Мұратбаев «Жусан иісі»» мен Шойбеков Қуаныш «Күкірт қышқылы және оның тұздары» тақырыбында зерттеу сабақтарын өтті.

Осы семинардың зерделеу кезеңінде ұстаздар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар жасады. 11-сынып оқушыларын да зерттеу сыныптарына қосу ұсынылды. Көптеген ұстаздар өздерінің тәжірибелерін толықтырғандарын айтып, сабақ өткен ұстаздарға алғыс білдірді.


Copyright © 2022, «Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:индекс 160547, Мақтаарал ауданы Жеңіс көшесі 10 үй
Телефон: +7 (72541) 2-10-50

Канцелярия: +7 (72541) 2-10-60
Приемная : +7 (72534) 2-10-60
e-mail: roo_maktaаral@mail.ru