2020 жылы 6 ақпан күні №36 жалпы орта мектеп базасында өтілген Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын тиімділігін арттыру.Кәсіби білім,білік,дағдыны дамыту арқылы,білім алушылардың дағдыларын дамыту.
Семинар барысында өзінің іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер:
Тағаева Жайсанкүл биология пәнінен «Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» тақырыбында 8-сыныпта, Сапаров Оралхан математика пәнінен «Тригонаметриялық теңеу» тақырыбында 9-сыныпта, Толебаева Жұлдызай «Мақсатты қоя білу сәтті сабақтың кепілі» тақырыбында коучинг, О.Бапышев атындағы ЖОМ-нің мұғалімі Г.Исаева «Іс тәжірибедегі зерттеу мұғалімнің кәсіби дамуының ықпалы» тақырыбында шебер сабақ, Зулпиева Жулдызай 4-сыныппен «Мен не үйрендім..?» тақырыбында, Оңғарова Роза Өзін-өзі тану пәнінен «Ата-анаң алтын тұғырың» тақырыбында 11-сынып,Турсынбаева Айнаш қазақ тілі пәнінен «Ұлттар достығының ұйытқысы» тақырыбында 7-сынып, Ахмедова Гүлнұр тарих пәнінен «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы» тақырыбында 5-сынып,
Умирбекова Сулу ағылшын тілінен «Wealher conditіons»тақырыбында 6-сыныппен сабақтар өтті.
Семинардың қорытынды бөлімінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Мырзалиева семинар барысы жайлы айтып өтіп,сындарлы кері байланыс берудің түрлері мен техникаларын қолданып, кәсіби сұхбат өткізіп семинар соңында әріптестердің жоғары бағасына ие болып, ұсыныстар берілді.
Мектеп ұжымына алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілейміз!
|